Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында пошта қызметі арқылы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқандарға есірткі заттарын жөнелтілудің 3 дерегі анықталды.

Полиция қызметкерлерімен осы қылмыстық істің төңірегінде жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 10 ақпан күні аталған үш дерек бойынша Қызылорда қаласының 24 жастағы тұрғыны құрықталды. Ол уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297 бабымен (Есірткі заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.  

Айта кетейік, биылғы жылдың 1 айында Қызылорда облысы Полиция департаментімен есірткі құқық бұзушылықтың 11 дерегі анықталды. Оның ішінде есірткіні аса ірі мөлшерде сату мақсатында сақтаудың 1 дерегі анықталған. Заңсыз айналымнан 15 келіден аса марихуана есірткі заты тәркіленді.

Тағы да оқыңыз: