Kyzylorda-news.kz.  Жергілікті ішкі істер органдарымен облыс аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

 Осы іс-шараға ОПД-нің қызметкерлері жұмылдырылды. Олардан  мобильді топтар құрылып, облыс аумағына келген шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзу деректері анықталды. Оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту, іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайларын, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

Аталған іс-шараның 3 күнінде облыс көлемінде көші-қон заңнамаларын бұзған  31 шетелдік анықталған.

Қазақстан Республикасыда шетелдіктің болуы құқығына құжаттарды ресімдеу не болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін олардың ҚР-нан кетуі жөнінде шаралар қабылдамауы не көшіп келушілердің болуы туралы ішкі істер органдарына уақытылы хабардар етпегені үшін әкімшілік кодексінің 518 бабы бойынша   15  Қазақстан Республикасының азаматына шара көрілді.

Аталған шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқаны үшін  ҚР азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 519 бабының 5 бөлігімен шара көріліп, айыппұл салынды.

Полиция департаменті елімізде жүрген шетелдіктерге қатысты  16.03.2020 жылдан 05.06.2021 жылға дейін  заңды негіздер болған кезде, елімізде әрі қарай болу үшін әкімшілік жауаптылыққа тартусыз, уақытша тұруға рұқсат беруді рәсімдеу  көші-қон қызметі бөліністері арқылы  реттелетінін хабарлады.   

Тағы да оқыңыз: