Қызылордада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

25.08.2021, 11:40

446 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрттен 13 адам шығарылды. Бұл туралы    Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі хабарлады.

Оқиға 24 тамыз күні сағат 22-27 шамасында Қызылорда қаласы, Абай даңғылы бойындағы көпқабатты тұрғын үйде орын алған. №28 үйдің 5 қабатты тұрғын үйдің, 2 подъездінің   жанып жатқаны жөнінде 112 құтқару қызметіне хабар түсті.     

«Шақырту бойынша Өртке қарсы қызметі жедел жетіп барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде аталған тұрғын үйдің 2 подъезінің 1 қабатында электр есептегіші мен подъездің сыртқы кіреберіс ағаш есігі жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілердің күшімен баспалдақ арқылы 13 адам, соның ішінде 6 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт 22 сағат 54 минутта толық жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі – электр сымдарының қысқаша тұйықталуы», – делінген хабарламада.

0

Пікір қалдыру