Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер ұрланған көлікті тез арада тапты.

Бүгін таңғы сағат 05:10 шамасында полицияның кезекші бөліміне Қызылорда қаласы Сырдария мөлтек ауданында үй ауласына қойылған “Ваз-2114″ маркалы автокөлігін белгісіз адамдардың заңсыз айдап кеткендігі туралы хабарлама түсті.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлері Абзал Исенбеков, Сералы Бұханов және Алданияз Баян жедел-іздестіру жұмыстары барысында “Самара-Шымкент” тас жолының 1509 шақырымында Майлыбас елдімекені тұсында заңсыз иемдену дерегіне қатысы бар автокөлікті тоқтатты. Автокөлік ішінде 29 жастағы екі адам, олардың біреуі Қызылорда облысының, екіншісі Атырау облысының тұрғыны екендігі анықталды.

Ұсталғандар Қазалы ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Айғақ зат ретінде алынған автокөлік айып алаңына қойылып, алдағы уақытта иесіне қайтарылатын болады.

Орын алған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабының 2-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Тағы да оқыңыз: