Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында карантиндік талаптардың сақталуын қадағалау бойынша мониторингтік топ тұрақты жұмыс жүргізуде.

31 наурыз күні мониторинг топ өкілдері Желтоқсан, Есенов, Қонаев, Толыбеков көшелері мен «Болашақ» аялдамасы аумағындағы кәсіпкерлік нысандарға мониторинг жүргізді. Соның нәтижесінде, 2 кафенің келушілерге караоке қызметін ұсынғандығы (караоке қызметіне тыйым салынған), бұдан бөлек компьютерлік клубы қызмет көрсетіп тұрғандығы анықталып, тоқтатылды.

Заң бұзушылыққа жол берген кәсіп иелеріне анықтама толтырылып, тиісті мекемеге жолданды. Бұл бағыттағы жұмыстар мониторингтік топпен тұрақты жалғасын табады.

Тағы да оқыңыз: