Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған нысандар анықталды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған нысандар анықталды

05.04.2021, 18:04

428 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы әкімдігінің жанынан құрылған мониторингтік топ қала аумағындағы қоғамдық тамақтану нысандарын аралап, карантин талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын тұрақты жүргізуде.

Кезекті мониторинг жұмыстары барысында карантин режимін сақтамай 2 отбасылық той өткізген нысандар анықталып, тоқтатылды. Бұл бағыттағы жұмыстар мониторингтік топпен тұрақты жалғасын табады.

Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін Қызылорда қаласында отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынған. Маска режимі және әлеуметтік қашықтық сақтау – санитарлық талап, әрі азаматтардың қазіргі өміріндегі күнделікті ережеге айналуы керек міндеттердің бірі.

0

Пікір қалдыру