Kyzylorda-news.kz. Қызылордада жыл басынан бері мониторингтік топ мүшелері карантин талабын бұзған 7 деректі анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірде бұл мақсатта 24 мониторингтік топ құрылған. Топ мүшелері жыл басынан бері карантин талабын бұзған 7 оқиғаны тіркеді.

«Сырдария және Жаңақорған аудандарында жеке тұрғын үйде той жасамақ болған тұрғындар тиісті заңдылықты сақтамаған. Осындай олқылықтарға жол берген 5 халыққа қызмет көрсету нысанының иесі жазаланды. Халыққа қызмет көрсету орындарындағы карантин талаптарын бұзушылықтың басым бөлігі санитария талаптарының сақталмауына байланысты болған. Сонымен қатар, шекті уақыттан асырып жұмысын жалғастырған нысандар да бар», – деп мәлім етті Қызылорда облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Анықталған карантин талабын бұзу деректері бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігімен айыппұл салынды. Оның жалпы сомасы 569490 теңгені құрайды.

Тағы да оқыңыз: