Kyzylorda-news.kz. Өңірлік кәсіпкерлерге арналған 5 жылдық бағдарлама қабылдау үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы кәсіпкерлерге арналған бағдарлама қабылдау керек екенін айтқан болатын.

“Шекарада орналасқан елді-мекендерге жалпы бизнеске жасалған жағдайдан бөлек тағы да қосымша жергілікті бағдарлама арқылы көмек беру керек. Сонда ғана сол жердегі кәсіптің қалуына, өсуіне жағдай жасай аламыз. Мысалы, СҚО өздерінің сүт өнімдерін Омскіге сатқысы келеді. Ал Омскінің сауда орталығына өтуге субсидия керек. Жергілікті бюджеттен сүтті сатуға, сүт бизнесін дамытуға сол өңірде жағдай жасау керек. Бұл осы 5 жылдық бағдарлама аясында жұмыс істейді. Бағдарламаның барлық тетігі жасалды. Жылдың аяғына дейін қосамыз,-деді «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов.

Тағы да оқыңыз: