Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлердің саны 1393-ке көбейді. Жыл басында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің ішінде жұмыс істеп жүргендерінің үлесі 86,32 пайызға ұлғайды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Қожабергенов Фердоуси мәлімдеді.

«Биыл аймақта жастарды қолдау мақсатында мемлекеттен гранттар беру конкурсын өткізу үшін жиырма бір миллион теңге қаржыландыруға берілді. Конкурсқа қатысуға 473 шағын кәсіпкерлік субьектілері өтінім түсіп, оның 84-і қаржылай қолдау тапты. Соның ішінде 44 жоба жас кәсіпкерлерге тиесілі»,- деді Фердоуси Әбілқасымұлы.

Сондай-ақ, бүгін “Байқоңыр Star-UP 3” бизнес-идеялар конкурсы өтеді. Шарада аймақ жастары өз бизнес жоспарларын ұсынады.

Тағы да оқыңыз: