Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі, ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Уәлихан Ибраев  және «Қоғамдық келісім» КММ директоры  Бақытжан Камалов облыстағы этномәдени бірлестіктің жетекшілерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екінші жартыжылдықтың жұмыс жоспары, алдағы атқарылар ауқымды шаралар талқыланды.

Ассамблея жалпыұлттық бірліктің мемлекеттік саясаттың сенімді тірегі, әрі тұрақтылықты нығайтуда маңызды рөл атқарып келеді. Осы күнге дейін өңірлік ассамблея жұмысына оң баға берілді. Жаңа басшылық осы бағыттан таймай өздеріңізбен бірлесіп, иық тіресіп жұмыс жасаймыз деген сенімділігін білдіріп, қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірлікті нығайту, этносаралық қатынастың негізі ретінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, этномедиация  және тағы басқа мәселелер бойынша маңызды міндеттерді бірігіп атқаратындығын алға тартты. 

Этномәдени бірлестіктің жетекшілері өз кезегінде Бақытжан Жарылқасынұлына жаңа қызметте сәттілік тілей отырып, бұдан әрі де ынтымақшылдық негізінде бірлік пен келісімді нығайтуға дайын екендігін жеткізді.

Тағы да оқыңыз: