Kyzylorda-news.kz. 23 қаңтар күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 24 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны арызданды.

Арызданушы 22 қаңтар күні кешкілік уақытта белгісіз ер азамат компьютерлік ойын клубының ішінде ұялы телефонын қоңырау шалу үшін сұрап алып, интернет-банкинг арқылы шоттағы 20 мың теңге ақшасын аударып алған.     

Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 1998 жылы туған жұмыссыз қала тұрғыны ұсталды.    

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. 

Осы орайда, Қызылорда қаласының Полиция басқармасы алаяқтардың құрбаны болмас үшін азаматтардан қырағылық пен мұқияттылықты сақтауды сұрайды.

Тағы да оқыңыз: