Қызылордада интернет арқылы алдаған алаяқ ұсталды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада интернет арқылы алдаған алаяқ ұсталды

28.10.2020, 11:20

196 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер интернет алаяқты  қолға түсірді.  Жеңіл пайда табамын деген алаяқ 63 жастағы азаматтан «арзан бағамен дөңгелек  алып беремін»  деген желеумен 1 миллион 200 мыңнан астам ақшасын алып, уәдесін орындамаған.  

          Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа күдікті Жаңақорған кентінің 33 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұрын сотты болған алаяқ  кінәсін толық мойындаған.

          Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен  (Алаяқтық)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

0

Пікір қалдыру