Kyzylorda-news.kz. Соңғы екі жылда облыстағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы 20533 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Жерді жалға алып, мақсатты пайданбаған учаске иелерімен шарт біржақты бұзылды.

«Ағымдағы жылдың 8 айында жалпы 46,308 гектарды құрайтын жер учаскесіне бақылау шарасы жүргізілді. 52 құқық бұзушылық деректері анықталды. 21 дерек бойынша 4192,33 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, 3 дерек бойынша ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылды. Президент Жолдауда жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін тиімді пайдалану жолдарын ашып көрсетті. Ол үшін ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді әрі мақсатты пайдалануымыз қажет», – деді облыстық жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Қайрат Тоғызбаев.

Мақсатты қолданылмай тұрған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасатын болады.

Тағы да оқыңыз: