Қызылордада есірткі тасымалдаған күдікті ұсталды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада есірткі тасымалдаған күдікті ұсталды

25.01.2021, 15:00

622 0

Kyzylorda-news.kz. 21 қаңтар күні Арал ауданы аумағында «Самара-Шымкент» М-32 тас жолының 1336 шақырымында Ақтөбе облысына бағыт алған «Тойота Камри» үлгісіндегі  күдік тудырған автокөлікт3 полиция қызметкерлері тоқтатты. 

Қарап-тексеру барысында жолаушының сөмкесінен 2 дана скочпен оралған пакет ішінен есірткі затына ұқсас жасыл түсті ерекше иісі бар зат анықталды.

Сараптама қорытындысына сәйкес алынған ерекше иісі бар заттар салмағы 1 келіге жуық «кептірілген марихуана» болып шықты.

Күдікті жолаушы Батыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғыны болып шықты.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен  (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.  Полицейлер оқиғаның мән – жайларын анықтауда.

0

Пікір қалдыру