Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында басталған   «Рефлекс-2021» жедел профилактикалық  шарасы барысында облыс орталығында аса ірі көлемде синтетикалық «меткатинон», «мефедрон» есірткі заттарын жасырын таратып жүрген қала тұрғыны құрықталды.  

Күдіктінің мобильді қосымшасы арқылы тапсырыс алып,  оларды қала ішіндегі белгілі бір жасырын жерлерге салып отырғандығы анықталған.  Полицейлер оны синтетикалық бетбелгі (закладка)  қалдырып жатқан жерінен ұстады. Айғақ зат ретінде барлығы 72  (жетпіс екі)  дана синтетикалық заты бар орама алынды.     

«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағына (аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу)сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі таңда күдікті Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Тағы да оқыңыз: