Kyzylorda-news.kz. «Құқық тәртібі» профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қармақшы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері өзімен бірге 2 қағазға оралған есірткі затын алып жүрген тұрғынды ұстады.

Тексеру барысында ол 35 жастағы, еш жерде жұмыста жоқ, Жосалы кенттің тұрғыны болып шықты. Сараптама қорытындысы бойынша «кептірілген марихуана» салмағы  20 грамм есірткі болған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296- бабы 2-ші бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекуссорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: