Kyzylorda-news.kz. Арал аудандық пробация есебінде тұратын азаматтар еріктілер қатарына қосылып, аудандағы көмекке зәру азаматтарға қол ұшын беріп келеді.

Есептегі ерікті азамат кезекті қайырымдылық көмегін тұрмысы төмен отбасыға көрсетті. Ерікті отбасыға бірінші кезекте қажетті азық-түліктерін алып берді.

Жақында осы ерікті азамат аудан тұрғыны мүгедек жанның баспанасын жөндеу, үй ішінің әрлеу жұмыстарымен қоса еденін төсеп, үйін шатырлауға қол көмегін көрсетті.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, қамкөңіл жандарға қол ұшын созу – ол да қайырлы іс. Мен сияқты жаза басып, жаңылған азаматтар арасында көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылар бар. Осы азаматтарға қолымнан келгенше көмек қолын созуға тырысамын», – деді есептегі азамат.

Тағы да оқыңыз: