Kyzylorda-news.kz. Мамырдың 17-21 күндері аралығында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері қала аумағында мүдделі мемлекеттік органдары, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, «Есептегі адам» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізеді.

Іс-шараның негізгі мақсаты отбасы – тұрмыстық қарым-қатынастар саласында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, әйелдер мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, профилактикалық есебіне алынғандар және қолайсыз отбасылардың тұрғылықты мекен-жайларын тексеріп, олармен профилактикалық бағытта жұмыстар жүргізу.

Жедел алдын алу шарасы аясында учаскелік полиция инспекторлары, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы, ювеналды полиция бөлімі қызметкерлерімен қолда бар барлық ықпал ету нысандарын (қорғаныс нұсқамаларын және құқық бұзушының тәртібіне сотпен ерекше талаптарды ішімдік ішуге тыйым салумен орнату) пайдалана отырып, құқық бұзушылықтар жасауға, оның ішінде отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарды анықтау, есепте тұрған маскүнемдер, нашақорлар, отбасы бұзақылары және қолайсыз отбасылармен профилактикалық жұмыс жүргізу жөніндегі жұмыстары жандандырылып, мекен-жайлары бойынша тексеріс жүргізетін болады.

Тағы да оқыңыз: