Қызылордада еріктілердің күндізгі лагері басталды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада еріктілердің күндізгі лагері басталды

28.10.2020, 15:00

180 0

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылордада жастар саясатын дамыту мақсатында «BIRGEMIZ QYZYLORDA» волонтерлардың күндізгі лагері бастау алды.

Санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілетін лагерь жұмысы 28-30 қазан күндері аралығында 3 күнге созылмақ.
Лагерьге 20-ға жуық волонтерлық жастар ұйымдары мен белсенді бастамашыл топ өкілдерінен барлығы 80 волонтер қатысуда.

Лагерь барысында жастармен Волонтерлық тақырыптық бағыт бойынша түрлі мәселелер талқыланады. Соның ішінде «Волонтерлік қызмет» дегеніміз не, «Волонтер жылының» ерекшелігі неде, волонтерлік қызметті дамыту үшін қандай шараларды қолға алған жөн тақырыптарындағы сұрақтарға жауап іздемек.

Білікті тренерлермен құқықтық сауаттылық, медиа волонтерлық және жергілікті және халықаралық деңгейдегі волонтерлық тақырыптарында оқыту жұмыстары жүргізілмек.

Сондай-ақ мәдени, спорттық-туристік шаралар да жоспарланған. Яғни, «Birgemiz: Asyl mura» жалпыұлттық жобасы бойынша «Рухани жаңғыру» орталығымен бірлесе отырып қала тарихы, мәдени демалыс орындары, мұражайларға экскурсия ұйымдастырылмақ. Сыр бойындағы шаһардың өткені мен бүгінін көрсету, таныстыру барысында қызықты танымдық ойындар да жүргізілетін болады.

Ал, «Birgemiz: TazaQazaqstan» жалпыұлттық жобасы бойынша қатысушы ұйымдар мен жастар және белсенді жастарды тарта отырып қала ішінде эко-акциясын өткізеді. Бұл шараның да жастар үшін өздерінің қаласын таза ұстауға, вандализмнің алдын алуға маңызы зор.

Айта кету керек, лагерь жұмысын «Бізбен бірге» қоғамдық қоры қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы «Мейірімділік қадамдары» волонтерлік қозғалысы» әлеуметтік маңызы бар қызметінің аясында үйлестіруде.

0

Пікір қалдыру