Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында екі күн бұрын жоғалған жасөспірім қыз аман-есен табылды.

17 жастағы жасөспірім қыз 8 сәуір күні жұмыстан белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмағанын бұған дейін жазған едік. Оған қатысты іздестіру іс-шаралары жүргізілген болатын.

«Нәтижесінде 10 сәуір күні полицейлер қалада орналасқан көппәтерлі үйлердің бірінің ауласында жасөспірім қыздың жүргенін анықтады. Ол ата-анасына жеткізілді. Кәмелет жасына толмаған қыздың денсаулығына ешқандай қауіп-қатер төніп тұрған жоқ», – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

ҚазАқпарат

Тағы да оқыңыз: