Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы 3 күн ішінде тұрғындар 2146 мемлекеттік қызметті өз бетінше онлайн рәсімдеді. Компьютері немесе интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ тұрғындар үшін ХҚО ғимараттарынан бөлек өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ашылды. Олар:

– Қалаға қарасты барлық ауылдық округ әкімдігінің ғимараты;

– Ә.Тәжібаев облыстық кітапханасы;

– Сол жағлауда орналасқан облыстық жастар ресурстық орталығы;

– «Бақытты отбасы» орталығы;

– Қаламыздағы барлық емханаларда;

– Қалаға қарасты барлық мектептерде.

Сонымен қатар, сондай-ақ, азаматтар egov.kz электронды үкімет порталындағы «Виртуалды көмекші» сервисі көмегімен бейнеқоңырау шалу арқылы операторлар кеңесін ала алады.

Тағы да оқыңыз: