Қызылордада діни бірлестік жетекшісі әкімшілік жауапқа тартылды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада діни бірлестік жетекшісі әкімшілік жауапқа тартылды

09.04.2020, 17:40

1239 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада төтенше жағдай режимін бұзған діни бірлестік жетекшісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.    

Елімізде төтенше жағдай режимі кезінде Қызылорда облысының Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген мониторинг барысында 2020 жылдың 5 сәуір күні Қызылорда қаласындағы мөлтек аудандардың бірінде орналасқан «Полная Евангелия» христиандық діни бірлестігінде жексенбілік ғибадаттарды өткізу дерегі анықталды.

Тексеру барысында діни жоралғыға 12 адам қатысып, олардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамағандығы белгілі болды.

Төтенше жағдай режимін бұзған бұл діни бірлестіктің жетекшісі Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының 7 сәуірдегі қаулысымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабы 6-бөлігі бойынша (төтенше жағдай режимін бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 26 510 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.