Kyzylorda-news.kz. 29 қараша күні түнгі сағат 03:58-де Сырдария өзенінің Қызылорда қаласы Рисмаш шағын ауданы маңындағы бөлігіне автокөлік түсіп кетті. Көлікте 2 адам болған. Бұл туралы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Хабарлама келіп түскеннен соң су асты іздестіру жұмыстары басталды. «DAEWOO NEXIA» автокөлігінде 2 адам болған. Жолаушы 1994 жылы туған азамат өз күшімен сыртқа шыққан. Көлік жүргізушісі 1994 жылы туған азамат автокөлік ішінен шыға алмай қалған. Сағат 09:22-де автокөлік судан шығарылып, жүргізушінің денесі туыстарына тапсырылды», – делінген хабарламада.

Су астындағы іздестіру жұмыстарына 17 құтқарушы 4 техникасымен, 1 жүзу құралымен атсалысты.

Департамент қызметкерлері автокөлікте барынша қауіпсіздік ережесін сақтап, жолда сақ болуды, мүмкіндігінше түнде жолға шықпауды сұрайды.

Тағы да оқыңыз: