Kyzylorda-news.kz. Аймақта өткен жылы атаулы әлеуметтік көмек 68 мыңнан астам адамға төленді. Яғни, 13 мың отбасына берілді.

Әлеуметтік көмек алатын еңбекке жарамды 1521 адам тұрақты, 2063-і уақытша жұмыспен қамтылды. Биыл цифрлық әлеуметтік әмиян енгізіліп, азаматтың шотына аудару жүйесі іске қосылады. Яғни, әлеуметтік бағытта бөлінген ақшаның қалай жұмсалып жатқанына бақылау жүргізілетін болады.

“1-6 жасқа дейінгі балаларды кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету толығымен порталға көшірілетін болады. Әлеуметтік порталға көшу кепілдендірілген пакетті ұсыну тәртібін жеңілдетеді. Ол үшін АӘК алушының электронды цифрлы қолтаңбасы болуы міндетті. Егер порталға кіру мүмкіндігі болмаған жағдайда тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталықтарына хабарласу керек, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гаухар Қалмақова мәлімдеді.

Тағы да оқыңыз: