Қызылордада Чернобыль апатының ардагерлері 15 отбасыға көмек көрсетті (ФОТО) – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада Чернобыль апатының ардагерлері 15 отбасыға көмек көрсетті (ФОТО)

28.04.2020, 11:20

664 0

Kyzylorda-news.kz. Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан ардагерлеріміз бүгінгі ел басына түскен коронавирус зардабын да ел болып еңсеретімізді айтты.

Иә, Кеӊес одағын ғана емес күллі әлемді әбігерге салған Чернобыль атом электрстансасындағы апаттың орын алғанына да 34 жыл толды. Жер шарын тітіреткен жарылыс жарасы әлі жазыла қойған жоқ. Алайда қиыншылыққа мойымай еңбек пен бүгінгі күнше дейін ерлік көрсетіп келе жатқан ағаларымыз ортамызда.

Бүгін сол ардагер ағаларымыз «Nur Otan» партиясының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз» акциясына үлес қосып, түрлі санаттағы 15 отбасыға азық-түлік себеттерін таратуға қолдау көрсетті.

Елбасы бастамасымен құрылған «Біргеміз» қоғамдық қорынан қаржылай көмек Чернобыль апатының ардагерлері үшін де қаралды. Өзгені қуанышқа бөлеп жүрген ағаларымыз өз қуаныштарын да жасыра алмай, қиын сәтте демеу болып отырған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына шынайы ризашылықтарын білдірді.