Қызылордада былтыр сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 65 адам жауапкершілікке тартылды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада былтыр сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 65 адам жауапкершілікке тартылды

24.01.2020, 16:00

461 0

Kyzylorda-news.kz. Кеше Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті облыс тұрғындарының алдында есеп берді. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуге Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов, «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалының, «Атамекен» ҰКП Қызылорда облысы бойынша кәсіпкерлер палатасының басшылары,  облыстық маслихат депутаттары және аумақ тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында Ниязов Бақытжан  департамент жанында үш бірдей консультативтік құрылым  – «Ақмешіт-алалдық алаңы», арнайы мониторнг тобы,  ақпараттық-ағартушылық  штабы бойынша айрықша тоқталып өтті.

«Ақмешіт–адалдық алаңы» жобасы шеңберінде 47 мемлекеттік органның кабинті «Open space» форматында қайта құрылды. 319 мемлекеттік мекеменің бірінші басшылары 1-ші қабатқа көшірілді, 512 азамат құқықтық көмек алуға жүгініп, 78  азаматтың өтініші қанағаттандырылды.

Сонымен қатар, «Protecting business and investments» жобасы аясында есепті мерзімде фронт офиске инвесторлар мен кәсіпкерлерден 51 өтініш келіп түсті. Осы өтініштер бойынша тиісті шаралар қабылданып, бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалған.

«Адал жол» жобасы аясында облыстық арнайы мониторингтік топ мүшелерінің қатысуымен 25 рет жүргізілген рейдтік шаралар барысында поездға билетсіз мінген 65 жолаушы анықталса, жолсеріктерге қатысты 31 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар рәсімделіп, 215 техникалық бұзушылықтар анықталғандығын да хабарлады.

Сондай-ақ, департаментке 2019 жылы 115 сыбайлас жемқорлық санатына жататын қылмыс тіркелген. Сыбайлас жеморлық жасағаны үшін жауапкершілікке 65 адам тартылды. 

Сонымен бірге, арнайы мониторингтік топтың жетекшісі Наталья Мишукова жыл көлеміндегі атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады. Арнайы мониторингтік топтың білім, халыққа қызмет көрсету, жол сапасы бойынша енгізген ұсыныстарының қорытындысы бойынша айрықша тоқталып өтті.

0

Пікір қалдыру