Kyzylorda-news.kz. Өткен жылы жол қозғалысы ережелерін автоматты түрде анықтайтын құрылғыларымен 32 мыңға жуық құқық бұзушылық тіркелкен.  

ҚР ӘҚБтК-нің 893-бабына сәйкес, әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды қаулы заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс. Төленбеген жағдайда, осы Кодекстің 894-бабына сәйкес, айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлі түрде орындату мақсатында сот орындаушыларына жолданады.

Айыппұлды заңда қарастырылған мерзім жеті тәулікте 50 пайыз жеңілдікпен төлеуге мүмкіндік бар. Жалпы бір ай мерзімнен кешіктермей төленуі тиіс.

Айыппұл бойынша қосымша мәліметтерді Қызылорда ОПД ӘПБ Әкімшілік практика бөлімінен білуге болады. Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Назарбаев даңғылы №22 ғимараты.

Тағы да оқыңыз: