Kyzylorda-news.kz. Қызылордада бұрынғы әйелінің сөмкесін ұрлаған ұры ұсталды.

Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде полиция бөлімшесіне Қызылорда қаласының тұрғыны жүгінді. Анықталғандай, кешкі сағат 21:00 шамасында арызданушының бұрынғы күйеуі жатын бөлмесіндегі терезені сындырып, терезе алдынан 60 000 мың теңгеден астам ақшасы мен сөмкесін ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру шаралары аясында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының полицейлері күдіктіні ұстады. Ол 1985 жылы туған облыс орталығының тұрғыны. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігіне (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Тағы да оқыңыз: