Kyzylorda-news.kz. Өңірде «Ashyq» жүйесі бойынша оқшаулану тәртібін бұзғандар кездеседі. Олардың арасында «қызыл» және «сары» мәртебеге ие тұрғындар бар.

«Жыл басынан бері облыс көлемінде «Ashyq» жүйесі үй карантинінде оқшаулану тәртібін бұзған 49 адам белгілі болды. Оның ішінде 48-і адам «қызыл», біреуі «сары» мәртебеге ие. Бұл бойынша «қызыл» мәртебедегі адамдарға тиісті айыппұл салынып, «сары» мәртебедегілерге оқшаулану тәртібін сақтау жөнінде хаттама берілді», – деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Сондай-ақ облыста қазір 167 мониторингтік топ жұмыс істейді. Жыл басынан бері топ мүшелері 48 мәрте рейд жүргізді. Рейд барысында 196 нысан қамтылды.

Тағы да оқыңыз: