Қызылордада биыл 4 ірі жоба іске қосылады – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада биыл 4 ірі жоба іске қосылады

26.01.2021, 15:20

647 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында ірі өндіріс орындары саналатын фабрика мен зауыттар биыл пайдаланылуға беріледі. Құны 48,5 млрд теңгені құрайтын 4 жобаны іске қосу жоспарланған.

Атап айтар болсақ, Қызылорда қаласындағы шыны зауыты, Қармақшы ауданындағы құс өндіру фабрикасы, Арал ауданында тұз өндіру және түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығару зауыттары. Бүгінде Арал ауданындағы екі жобаның құрылыс жұмыстары 70-80 пайызға аяқталған. Қос жобаның жалпы құны 4,4 млрд теңгені құрайды.

Облыста биыл 3 бірдей зауыт салу жұмыстары басталады. Яғни «Шалқия» полиметалл кен байыту фабрикасы, калцийленген сода зауыты мен шағын арматура зауыты салынады. Сондай-ақ, құрылысы өткен жылы бастау алған ет комбинатының салу жобасы жалғасын табады.

Айту керек, Қызылорда өңірінде индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясында бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған 37 жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде 7 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады.

0

Пікір қалдыру