Kyzylorda-news.kz. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы шілдеде тұрғын үй нарығында баға қалай өзгергенін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.

«Бір жылда (2022 және 2021 жылғы шілдені салыстырғанда) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 26,4 пайызға, жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 19,6 пайызға өскен. Тұрғын үйді жалға алу төлемі былтырғымен салыстырғанда 2022 жылғы шілдеде 20,8 пайызға артты», – делінген хабарламада.

Өңірлер бойынша жаңа салынған тұрғын үйлер нарығындағы баспана бір жылда:

  • Ақтөбе қаласында – 32,5 пайызға;
  • Нұр-Сұлтанда – 27,6 пайызға;
  • Өскеменде 26,1 пайызға қымбаттады. 

Қолданыстағы үйлерді қайта сату нарығында:  

  • Қызылорда 44 пайыз),
  • Өскемен (43,7 пайыз),
  • Талдықорған (43,4 пайыз)
  • Нұр-Сұлтан (41,3 пайыз) қалалары көш бастап тұр. 

Тұрғын үйді жалға алу нарығында Алматы қаласындағы баға 47,2 пайызға өскен. 

«Бір айдың ішінде (2022 жылғы шілде мен маусымды салыстырғанда) пәтерлерді қайта сату бағалары – 0,8 пайызға, жаңа тұрғын үйді сату 0,5 пайызға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда шілдеде 0,4 пайызға жоғарылады», – делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыз: