Қызылордада бір күнде 351 құқық бұзушылық анықталды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада бір күнде 351 құқық бұзушылық анықталды

06.12.2021, 12:00

301 0

Kyzylorda-news.kz. Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері күшейтілген тәртіпте қызмет атқарып жатыр.

Бір тәулікте 9 қылмыстың беті ашылды. Тегіс ұңғылы атыс қаруды заңсыз алып жүрудің 3 дерегі анықталды. Бұл деректер Арал, Қармақшы және Шиелі аудандарында орын алған. Профилактикалық есепте тұратын барлығы 328 адам, жалға берілетін 31 пәтер тексерілді.

Полицейлермен жүргізілген іс-шараның бір күнінде 351 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды.
Оның ішінде спирттік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу дерегі бойынша – 21, көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы -3, ұсақ бұзақылық – 20, кәмелетке толмаған заңды өкілінсіз түнгі уақытта жүру – 23, автокөлікті масаң күйінде басқару – 5, жолдың қарсы бағытына шығу бойынша – 2 құқық бұзушылық анықталып, тиісті шаралар көрілді.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.