Kyzylorda-news.kz. «Партияның басты күші – бастауыш партия ұйымдары» атты тақырыпта ұйымдастырылған жиынға 300-ге жуық нұротандықтар қатысып, жаңғырудың жаңа жолына түскен партия мен оның мүшелері алдында тұрған міндеттерді талқылады.

Бұл жиын әдеттегі басқосулардан өзгерек өрбіді. Облыстың барлық өңірлерінен келген бастауыш ұйым төрағалары алдымен 4 бағытта өткен секциялық жұмыстарға қатысып, Елбасы сенім артқан саяси ұйымның елдің көшін ілгерілету бағытындағы жұмыстарын жан-жақты сарлап, пікір алмасты.

Пленарлық отырысты ашқан облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова Елбасы, Партия Төрағасының партия жұмысын жаңғырту аясындағы тапсырмаларына сәйкес, алдағы партия филиалы мен бастауыш партия ұйымдары алында тұрған міндеттерді.

«Азаматтарға лайқты жағдай жасау, оның құқытары мен еркіндігін қорғау, жоғары өмір сүру деңгейін қамтамсыз ету–партия жұмысының негізгі басымдықтары болып саналады. Бұл бағыттарда нақты жауаптар берілген біздің Доктринамыз, «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты 2030 жылға дейінгі бағдарламамыз, халық үлкен қолдау білдірген Сайлауалды тұғырнамамыз бар. Ендігі партиямыздың келбеті –ашықтық, жұртшылық пікіріне құлақ асу, мақсаткерлік, принципшілдік секілді сипаттармен астасып жатуы тиіс. Қалған басымдықтар екінші орында»,- деді Ақмарал Әлназарова.

Сондай-ақ, филиал төрағасының бірінші орынбасары өз хабарламасында Партия Төрағасының тапсырмасына сәйкес бастауыш ұйымдардың ашық форматтағы жұмыстарға көшуі, тұрғындармен «кері байланыс» жұмысын нығайтау, партияның ядролық электоратын қалыптастыру, бастауыш ұйымдардың жұмысын жетілдіру, оларды оңтайландыру бойыншада ақтарылған жұмыстарды атап өтті.

Бұрын облыстық партия филиалына қарасты 272 бастауыш ұйымдары болса, қазір олардың 20-ы қысқартылып, 252 бастауыш ұйымдар қалды. 65 бастауыш партия ұйымының жетекшілері қайта сайланды. Қазір бастауыш ұйым төрағаларының 116-сы аумақтық филиалдардың Саяси Кеңесі мүшелігіне, 44-і Саяси кеңес Бюросы құрамына енгізілді. Сондай-ақ, 25-і жергілікті мәслихат депутаттары. Партияның ядролық электоратын қалыптастыру мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде партияның кадрлық резервіне іріктеу жұмыстары жүргізілді. Алғаш пилоттық режимде қолға алынған жоба біздің өңірімізде Сырдария ауданында ұйымдастырылып, аудандық партия филиалының кадрлық резерві жасақталды. Біздің өңірде алғаш болып, жастардың басын біріктіретін және олармен жан-жақты жұмыс жүргізетін қала, аудан көлемінде «Жастар» БПҰ ашылды.

Бұл жастардың болашақта саяси лидерлерге айналуына партия тарапынан жасалып отырған мүмкіндік.

Пленарлық отырысқа қатысқан облыс әкімінің орынбасары, партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі Наурызбай Байқадамов партияның беделін арттыруға баса көңіл бөлу керектігін атап өтіп, еліміздің саяси жүйесіндегі «Nur Otan» партиясының орны мен рөліне тоқталды.

Партияның қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыстағы жұмыстарының маңыздылығын облыстық қоғамдық кеңес төрағасы, Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі директоры Бақытжан Сайлыбаев айтса, партия міндеттерін орындаудың және атқарушы органдарға ықпал етудің негізгі тетігі болып табылатын мәслихаттардағы фракциялардың жұмысы жайлы облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы жетекшісі, Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда Аграрлық-техникалық жоғары колледжі директоры Ибадулла Құттықожаев кеңінен баяндады.

Келелі жиында партия алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес, партиялық бақылау механизімдерін күшейту бағыттары бойынша партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Мақсұт Нәлібаев пен партиялық бақылау комиссиясы төрағасы, «Қазпошта» Акционерлі қоғамы Қызылорда филиалының директоры Аида Әбибуллаевалар жан-жақты түсіндірді.

Әрбір тақырыпқа ерекше ден қойған партиялықтар жұмысты белсенді ету үшін өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын айтты. Мақсат-міндеттерді сапалы жүзеге асыру керектігін басты орынға қойды.

Жиын соңы «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының облыстық кезеңі жеңімпаздарын марапаттаумен аяқталды.

Тағы да оқыңыз: