Kyzylorda-news.kz. Жобаға қатысқысы келетін азаматтар жұмыспен қамту орталығынан жолдама алып, www.atameken.co сайтына онлайн тіркеле алады.

Ол үшін курсқа қатысуға ниет білдіруші:

– atameken.co сайтына кіріп ЭЦП-мен қол қояды;

– курстар деген жерде «Бастау Бизнес» курсын таңдайды;

– анкетаны толтырады;

– «ЖАЛҒАСТЫРУ» түймесін басады;

– алдын ала скандалған жолдаманы жүктейді;

– алдын-ала скандалған жеке куәлікті жүктейді;

– аяқтау түймесін басады.

Одан бөлек жолдама алып келген қызылордалықтарды тіркеп беруге Палата мамандары да көмектесіп жатыр. Тіркеу жұмыстары 25 сәуірге дейін жүргізіле береді. Жоба аясында алғашқы потоктың сабағы 26 сәуірде басталады. Оқу онлайн өткізіледі. Оқу күні 21 күн.

Келесі потоктардағы сабақтардың басталу мерзімдері:

2-поток 24 мамырда басталады;

3-поток 21 маусымда басталады;

4-поток 19 шілдеде басталады;

5-поток 16 тамызда басталады;

6-поток Қызылорда қаласы мен Қазалы, Жаңақорған аудандарында өтеді, 13 қыркүйекте басталады.

«Бастау» жобасына қатысушылардың бөлінісі:

– Жыл көлемінде Қызылорда қаласынан 535 азаматты оқыту жоспарлануда;

– Арал ауданынан 300 адам;

– Қазалы ауданынан 420 адам;

– Қармақшы ауданынан 115 адам;

– Байқоңыр қаласынан 30 адам;

– Жалағаш ауданынан 120 адам;

– Сырдария ауданынан 180 адам;

– Шиелі ауданынан 300 адам;

– Жаңақорған ауданынан 500 адам.

«Болған жағдайға қатысты түсінгенімізше, Қызылорда қаласы тұрғындары жолдама бір күнде ғана беріледі және сайтта тіркеу де бір күнде ғана болады деп түсінген секілді. Тағы да қайталап айтамын, жолдама алған азаматтарды біз 25 сәуірге дейін тіркей беретін боламыз. Жалпы биыл «Бастау» жобасының жүзеге асырылып келе жатқанына 5 жыл толады. Бағдарлама халық арасында кең қолдауға ие. Сұраныстың жоғары болуының тағы бір себебі – биылғы жылға мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіпкерлікке оқытатын өзге жобалардың барлығы әзірге тоқтап тұр. Бұл да өз әсерін тигізіп отыр. Біз қазір орталық аппарат арқылы Үкіметке де осы ұсыныстарымызды берудеміз. Қызылорда қаласы бойынша 1-потокта 112 азаматты оқыту жоспарланған болатын. Алайда жұмыспен қамту орталығы 500-ден астам азаматқа жолдама беріпті. Жолдама алған азаматтар Кәсіпкерлер палатасына келіп сайтқа тіркелуде. Сайт 112 азаматты тіркегеннен кейін уақытша жабылды. Біз Орталық аппаратпен келіссөздер жүргізіп, 250 адамға дейін тіркеуге рұқсат алдық. Қазір Палата мамандарының барлығы осы тіркеу жұмысына жұмылдырылып, жұмыс жасауда», – деді баспасөз мәслихатында Палата директоры Ғалымбек Жақсылықов.

Тағы да оқыңыз: