Kyzylorda-news.kz. Індеттен сақтану үшін қазіргі таңда жан-жақты сақтық шаралары жасалуда. Осы ретте, Қызылорда облысы бойынша барлық мектептер, балабақшалар мен колледждер «Ashyq» жобасына толықтай қосылды.

Білім беру ұйымдарынына кірмес бұрын ата-аналар мен мекеме қызметкерлері QR-кодты сканерлеп, әкімшіге қосымшадан шыққан нәтижені көрсетуі тиіс.

Еске сала кетейік, аталмыш қосымша 4 түс негізінде шешім қабылдайды. Мәселен «Қызыл» түс – үйде оқшаулану режимін білдірсе, «Сары» түсте тек дәріхана мен дүкенге рұқсат етіледі. Ал «Көк» пен «Жасыл» түстегі статус иелеріне қоғамдық орындарда емін-еркін жүріп тұруына болады.

Тағы да оқыңыз: