Қызылордада балаларын қараусыз қалдырған тұрғын ата-ана құқығынан айырылады – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада балаларын қараусыз қалдырған тұрғын ата-ана құқығынан айырылады

05.02.2021, 15:40

383 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы білім ұйымдарының біріне 1979 жылы туған азаматша масаң күйде келіп, мазаны алғаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 440 бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, сауықтыру орталығына жатқызылды.

Мектеп әкімшілігі, мектеп, учаскелік полиция инспекторлары азаматшаның тұрғылықты мекен-жайын тексеру барысында жоғарыда көрсетілген азаматшаның кәмелетке толмаған 2 баласы қараусыз, қадағалаусыз қалғаны анықталды. Осыған орай, кәмелетке толмаған 6 жастағы қызы «Облыстық кәмелетке толмағандар бейімдеу орталығына», екіншісі 1 жарым жастағы қызы «Көпбейінді балалар ауруханасына» орналастырылды.

Тексеру кезінде 42 жастағы азаматшаның үстінен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 3 рет хаттама толтырылғандығы анықталды.

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен азаматшаны ата-аналық құқығынан айыру немесе шектеу мәселесін шешу үшін қала әкімі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысына құжаттар жинақталуда.

0

Пікір қалдыру