Kyzylorda-news.kz. Бүгін «Бизнеске арналған Үкімет» алаңында азаматтық штаб өкілдері облыстың кәсіпкерлерімен кездесті.

Шараға ҚР Премьер-министрі орынбасарының баспасөз хатшысы-санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев, азаматтық штаб мүшелері Мирас Әукенов, Серік Беркамалов және облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және бизнес қауымдастық өкілдері қатысты.

Аталған басқосуда Ержан Қалиұлы 2021 жылы 3 тамызда Қазақстанда коронавирус пандемиясымен күрес жөніндегі «Ел үшін егілемін» атты тәуелсіз белсенділер бірлестігі – Азаматтық штабтың құрылғандығын атап өтті. Сонымен қатар, коронавирус пандемиясына қарсы салынып жатқан екпенің қаншалықты әсер ететіні және де екпе жұмыстарының тұрақты жүргізілу керектігі жайлы сөз қозғалды. Сондай-ақ, кәсіпкерлік субъектілерімен әртүрлі бағытта мәселелер көтерілді. Шараға қатысушылар осы мәселе тұрғысында өз ойларын жеткізді.

Кездесу соңында Ержан Қалиұлы кәсіпкерлер тарапынан туындаған сауалдарға жауап беріп, аталған мәселеге байланысты пікір білдірді.

Тағы да оқыңыз: