Kyzylorda-news.kz. Алдағы сенбі күні Қызылорда қаласында Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінен жәрмеңке өтеді. Бұл туралы Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлады.

«Құрметті Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді 24 қыркүйек Қызылорда қаласы Астана даңғылының бойында Жаңақорған ауданы мен «Байқоңыр ӘКК» АҚ-ның ұйымдастыруымен өткізілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне қатысуға шақырамыз. Қала төріндегі жәрмеңкеге жаңақорғандық диқандар 25 жүк көлігіне тиелген 100 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынады», — деп хабарлайды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

Жәрмеңкеде 25 тоннадан астам күріш, 25 тоннадай картоп, 5 тонна сәбіз, 10 тонна пияз, 15 тонна қауын мен қарбыз, 15 тонна асқабақ, 5 тонна көкөніс өнімдері жеткізіледі. Барлығы жәрмеңкеге әкелінетін 100 тоннадан астам азық-түлік өнімдері қала тұрғындарына нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен сатылады.

Жәрмеңкені ұйымдастырушылар Жаңақорған ауданының брендіне айналған қауын-қарбызынан, ақ күрішінен, түрлі көкөністер мен басқа да өнімдерден дәм татуға шақырады.

Тағы да оқыңыз: