Kyzylorda-news.kz. 13 қараша сағат 11:00-де Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы Қызылорда облыстық филиалының XVI есеп беру-сайлау конференциясы өтеді.

Күн тәртібі бойынша филиал төрағасы Серікбай Өмірзақов аймақтық филиалдың 2016-2019 жылдардағы жұмысы туралы есеп береді. Сонымен қатар, конференцияға қатысушылар «Ауыл» ХДП филиалының Бақылау-тексеру комиссиясының жұмысы туралы есеп тыңдайды.

Конференция барысында «Ауыл» ХДП облыстық саяси кеңесінің жаңа құрамы, саяси кеңес президиумы және облыстық филиалдың бақылау-тексеру комиссиясының құрамы сайланады.

Конференция барысында 27 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Ауыл» халықтық-хемократиялық партиясының XVI-шы съезінің делегаттары сайланады.

Мекенжайы: Қызылорда қаласы,  Абай даңғылы, 25 Б.

Тағы да оқыңыз: