Kyzylorda-news.kz. Сыр елінде ауыл әйелдерінің форумы өтеді. Аталмыш форумға 100-ден аса ауыл әйелі қатысады. Яғни, кәсіпкерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, зейнеткерлер және үй шаруашылығындағы әйелдер болады.

Биыл карантинге байланысты форум ZOOM онлайн-алаңында өткізіледі.

“Форумда әйелдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасатын болады. Жаңа бағытта жұмыс бастағысы келген әйелдер өз сұрақтарын қойып, толық мағлұмат беріледі. Облыс тұрғындарының 49 пайызы әйелдер болса, оның 54 пайызын ауыл әйелдері құрайды. Қазіргі таңда, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл өңірде «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылдық жердегі 8 әйелге 16 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз грант берілді. Аймақта өз кәсібін ашып, елдің дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкер әйелдердің саны артып келеді”, – деді Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова.

Сондай-ақ, биыл «Бойтұмар ханым» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ақ орамал» жобасы жүзеге аспақ. Мақсаты – аналармен кездесіп, ұлттық тәрбиені нығайту.

Тағы да оқыңыз: