Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 18 сәуір күнгі ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, қолайсыз метеорологиялық жағдай Қызылорда қаласында болады. Өзге шаһарларда метеоахуал қалыпты.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.