Kyzylorda-news.kz. Облысымызда жыл басынан бері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 18 салаға мониторинг жүргізілді. Сондай-ақ  атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 32 ұсыныс беріліп, оның 28-і орындалды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Облыстық арнайы мониторингтік топтың жетекшісі Наталья Мишукова мәлімдеді.

«Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында агенттік департаментінің қызметкерлерімен бірге автомобиль жолдарының проблемалық учаскелеріне 10 мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 4 учаскеге жөндеу жұмыстары қайта жүргізілуде. Ал, 1 учаскеге жөндеу жұмысы келесі жылы жүргізілетін болады», – деді Наталья Валентиновна.

Сондай-ақ, автомобиль жолдарының сапасын арттыру бойынша жолтөсемінің жай-күйіне әсер ететін маңызды факторлардың бірі – ауыр салмақты үлкен жүкті тасымалдау. Осыған орай, бақылау инспекциясымен бірлесіп 14-рет рейдттік шаралар жүргізілді. Нәтижесінде 86 жүк көлігіне әкімшілік хаттама рәсімделіп, айыппұл салынды.

Тағы да оқыңыз: