**Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында автокөлікпен мұз астына түсіп кеткен 4 адамның денесі табылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
**​
Кеше Арал ауданы Қамыстыбас ауылынан 35 шақырым жерде Қамбаш көлінде «УАЗ» маркалы автокөлік мұз астына түсіп кетті. Автокөлік салонында 7 адам болған. Оның 3-еуі көліктен өздері шығып үлгерген. Құтқарушылар суға батып кеткен 1985, 1981, 1994, 1973 жылы туған 4 адамды іздестірді. Бірақ түнгі уақытта іздестіру жұмыстары тоқтатылды.

Бүгін таңертең іздеу жұмыстары жалғастырылды. Нәтижесінде 7 метр тереңдікте (мұздың қалыңдығы 25 см) УАЗ автокөлігі табылды. Автокөліктің ішінде қайтыс болған адамдардың денелері бар. Сағат 10.05-те құтқарушылар қаза тапқан 4 адамның мәйітін полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Іздестіру жұмыстарына Қызылорда облысы ТЖ департаментінің, Полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары және туыстары (27 адам, 7 бірлік техника) жұмылдырылды.​

Тағы да оқыңыз: