Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен өткен мониторинг шарасы барысында облыс орталығында қоғамдық көліктің күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық талаптарын сақтау жағдайы сын көтермейтіндігі анықталды.

Аталған шара 13 мамырда бастау алған. Қаланың кіре-беріс қақпасынан «Aray City Mall» ойын-сауық орталығына дейін жүргізілген тексеру жұмыстары кезінде қоғамдық көліктің карантин режиміндегі санитарлық-дезинфекциялық жағдайы қаралды. 

«Шара барысында 11 қоғамдық көлікке бақылау жүргізілді. Бақылау барысында адамның шамадан тыс көптігі, белгіленген арақашықтықтың сақталмауы анықталды. Сондай-ақ, жүргізуші мен кондукторлардың міндеттелген масканы кимегені белгілі болды. Арнайы дизенфекцияланған дымқыл маталарды пайдаланбау оқиғасы да орын алды», – деп мәлім етті Қызылорда қаласы прокуратурасы.

Бұл шара мамыр айының соңына дейін жалғасатын болады.

Тағы да оқыңыз: