Kyzylorda-news.kz. Аймақта есірткі заты мен оны тасымалдаушыларға қарсы күрес жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Күдікке ілінген әрбір көлік иелерін жол полицейлері тоқтатып, тінту-іздестіру жұмыстарын жүргізеді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының инспекторлары 9 сәуір күні таңғы сағат 04:50-де «Самара-Шымкент» тас жолының 1356 шақырымында патрульдеу кезінде жол қозғалысы ережесін бұзған жеңіл автокөлігін тоқтатқан.

Құқық бұзушылық бойынша әкімшілік хаттама рәсімдеу барысында автокөліктің жүк салғышынан жолаушысына тиесілі қапқа салынған ерекше иісі бар шөп ұнтақтары анықталды. Сараптама қортындысына сәйкес анықталған зат салмағы 10 келі 160 грамм «кептірілген марихуана» екені белгілі болды, бұл аса ірі мөлшерге жатады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Д.Маханова

Тағы да оқыңыз: