Kyzylorda-news.kz. Жыл басынан бері Қызылорда қаласында автокөліктер ағымы басым көп жүретін көше бойларына жалпы саны 13 дана құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайтын сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу құрылғылары жұмыс атқаруда. Қарашаның 11-нен бастап тағы 7 данасы іске қосылды.

Құрылғылардың негізгі мақсаты жол қауіпсіздігін сақтап, жол көлік оқиғасын азайту болып саналады.

Есепті мерзімде «Аркан» құрылғылармен 26 мың 897 құқық бұзушылық бойынша 284 млн 727 мың теңге айыппұл салынып, оның 222 млн 965 мың теңгесі өндірілді.

«Құрылғылардың тиімділігін ескере отырып қаламызда алдағы уақытта құрылғыларды көбейту мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда», – деді департамент бастығы полиция полковнигі Бектөре Сұлтан.

Тағы да оқыңыз: