Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында 6 қаңтар күні таңғы сағат 05:00 шамасында белгісіз азаматтар аңшы дүкенінің терезесін сындырып кірген. Олар дүкеннен киімдер, дүрбілер және арнайы пышақ құралдарын ұрлаған.

Жедел шаралар нәтижесінде Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері дүкенге ұрлыққа түсті деп күдіктелген екі қала тұрғынын ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. 

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы (Ұрлық, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. 

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр. Басқа да тұлғалардың қатыстылығы тексерілуде. Тергеу жалғасуда.

Тағы да оқыңыз: