Kyzylorda-news.kz. ОПЦ Қызылорда «Facebook» парақшасында ресми хабарлама жарияланды. Онда Ана мен бала орталығының бөлімшесіне диван сыйға беріліп, оның лентасы қиылған.

«22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні мерекесі қарсаңында қызметкерлердің жағдайларын жақсарту мақсатында облыстық перинаталдық орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымы жүктілер патологиясы бөліміне жұмсақ жиһаз (диван, кресло) сыйлады. Облыстық перинаталдық орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымы көп жылдардан бері ұжым арасындағы тұрақтылықты сақтап, жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында алтын көпір ретінде өз функциясын атқарып келеді», – делінген хабарламада.

Бұған дейін жаңадан салынған немесе қайта жөндеуден өткен ғимараттардың ашылу салтанатында лента қию рәсімі ұйымдастырылатын. Соңғы уақытта белгілі бір тұлғалардың атына ашылған аудитория, кабинеттердің де лентасы қиылып жүр. Енді жұмсақ жиһаздың да лентасы қиылғанын көрдік.

Тағы да оқыңыз: