Қызылордада алғаш рет әкелер форумы өтті – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада алғаш рет әкелер форумы өтті

09.09.2020, 15:00

310 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында жастар орталығының ұйымдастыруымен алғаш рет І облыстық әкелер форумы өтті.

Отбасы күніне орай ұйымдастырылған тағылымды шараға Сыр өңірінің абыз ақсақалы, қаламы қарымды жазушылардың бірі Сәпен Аңсат, белгілі дінтанушы Бахтияр Оспанов, азулы айтыскер ақын Нұрмат Мансұр мен жас кәсіпкер Мағжан Ералиев қатысты.

 Отбасында үлгілі әке, қоғамда орны қалыптасқан, ел қолдайтын, жастарға өзіндік айтар ойы бар азаматтар әдемі әңгіме өрбітті. Отбасы құндылығы, бала тәрбиесі, соның ішінде әке рөлі мен әкеге деген сүйінпеншілік тақырыбын түрлі саладан қонақ ретінде келген қатысушылар да кеңінен қозғады. Рухани азық алар форумда спикерлер бала тәрбиесін басты орынға қоюға кеңес беріп, қоғамдағы әке рөлін бірлесе күшейтуге шақырды.

Аталған шараның да мақсаты – жастарға тәлім-тәрбие беру, басты құндылық – отбасы құндылығын, әке рөлін дәріптеу болды. Ол өз мақсатына жетті.

0

Пікір қалдыру