Kyzylorda-news.kz. Азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру мақсатында «Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі» өткізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялық қызметінің ақпараттық алаңында облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы» – деген болатын. Сол арқылы, кез келген мәселені азаматтық қоғаммен бірлесіп шешуді тапсырды. Осы бағытта аймақтағы үкіметтік емес ұйымдардың басын қосып, оларға әдістемелік көмектер көрсетіледі. Жәрмеңке өткізу арқылы жаңа әлеуметтік жобалар артады, – деді Серік Әбжәліұлы.

Айта кетейік, облыстық «Азаматтық Альянс» қайта құрылып, Ізден Анар Жарылқасынқызы осы ұйымның төрайымы болып сайланды.

Тағы да оқыңыз: